Амбулаториялық-емханалық қызмет

Бастапқы психикалық денсаулық орталықтары (БПДО) - 9

Амбулаториялық-емханалық қызметтің меңгерушісі

 Абакова Арайлым Айтпаевна

Диспансерлік бөлімшенің учаскелік психиатры (ересек), бірінші санаты, жұмыс өтілі-10 жылдан астам

 

Амбулаториялық-емханалық қызмет Орталықтың мамандандырылған емдеу-профилактикалық бөлімшесі болып табылады, оған профилактика жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде Астана қаласының ересек тұрғындары мен балаларға диагностикалық, консультациялық және емдік көмек кіреді.

№2 ҚЕ, №6 ҚЕ, №9 ҚЕ, №10 ҚЕ, №14 ҚЕ қалалық емханалар базасында және ҚПДО жанында бастапқы психикалық денсаулық орталықтары жұмыс істейді, сондай-ақ Орталықта 5 балалар учаскесі жұмыс істейді, онда учаскелік психиатрлар қабылдау жүргізеді және психикалық және мінез-құлық бұзылыстарынан зардап шегетін пациенттерді амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету бойынша рецепттер жазып беруді жүзеге асырады.

Бұл бөлімшенің психоәлеуметтік қызметін психологтар, психотерапевтер және әлеуметтік қызметкерлер ұсынады. Халыққа қызмет көрсету учаскелік (аумақтық) қағидат бойынша жүргізіледі.

 Амбулаториялық қызмет пациенттерді еңбек сараптамасы мәселесін шешу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді жүзеге асырады, әскерге шақыру жасындағы адамдардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындаумен айналысады.

Психобілім беру және туыстары мен пациенттеріне консультациялық көмек жүргізіледі. Бөлімшеде консультациялық жұмыс жүргізіледі, «Астана медицина университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасының қызметкерлері комиссиялық тексеруге (ересектер, балалар) қатысады. Амбулаториялық қызмет пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді, еңбек сараптамасы мәселесін шешу, көлік құралын басқаруға рұқсат алу және т.б. жүзеге асырады.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyКонтакт орталығы: 33-14-06, 57-50-01

  • dummynarkokon@med.mail.kz

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyКонсультант тіркеуші: 8-702-916-14-06

  • dummynarkokon@med.mail.kz

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2025. Design & Development by SITE-PRO.KZ