Ақылы қызметтерге арналған Прейскурант
Мекен-жайлары мен телефондары:
Наркологиялық блок: Астана қаласы, Хусейн бен талал көшесі 7,
Психиатриялық блок: Астана қаласы, Жансүгіров көшесі, 12,
тел.: 87172 33-17-71 (директордың қабылдау бөлмесі), 87172 33-17-78 (бухгалтерия, касса)
Ақылы медициналық қызметтер көрсету жағдайы мен тәртібі
ТМККК-ге кірмеген медициналық қызметтер мыналар есебінен төленеді:
- халықтың жеке қаражаты;
- жұмыс берушінің қаражаты;
- ерікті медициналық сақтандыру жүйесі ;
- ҚР заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер
Орталықта ақылы медициналық қызметтері көрсету мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету кезінде;
2) дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу кезінде;
3) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу кезінде;
4) азаматтарды жұмысқа және оқуға түсу үшін медициналық тексеру кезінде;
5) анонимдік шарттарында, кәсіпорынмен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету кезінде;
6) биологиялық сұйықтықтарды ПБЗ-ның құрамына зерттеу кезінде;
7) қосымша сервистік қызметтер көрсету кезінде;
8) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 76-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде;
9) пациенттерді ақылы негізде емдеуге жатқызу кезінде пациентпен шарт жасалады, онда ақылы қызметтердің түрі мен көлемі, медициналық көмек көрсету мерзімдері, стационарда болу қағидалары мен шарттары, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу құны мен тәртібі, Тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көрсетіледі.
Ақылы медициналық қызмет көрсетуге есептер тәртібі
Ақылы қызметтер үшін есеп айырысулар кассада, қабылдау бөлімінде, тіркеу орнында фискалдық жады бар бақылау-кассалық аппаратты қолдана отырып және пациентке бақылау чегін және кіріс-кассалық ордерді бере отырып қолма-қол есеп айырысу арқылы; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша - орталықта орнатылған POS-терминалдар арқылы ақшалай қаражатты орталықтың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтардың жекелеген санаты үшін жеңілдіктер туралы мәліметтер
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жасы бойынша зейнеткерлерге, 18 жасқа дейінгі балаларға тиісті құжатты көрсеткен кезде қаруды иеленуге (қаруға рұқсат беруге) қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны, Көлік құралдарын басқаруға рұқсатты және қауіптің жоғары көзіне байланысты жұмыстарды қоспағанда, анықтама бере отырып, алдын ала тексеру тегін жүргізіледі.