«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 35-бабына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директорының 2022 жылғы 06 қаңтарда Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметін құру туралы №16-П бұйрығы шығарылды.
Пациенттерді қолдау қызметінің негізгі міндеттері:
- пациенттердің қауіпсіздігін, олардың құқықтарын іске асыруды және пациенттерді қолдауды қамтамасыз ету.
- халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету.
- пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) олардың пайда болуына қарай, оның ішінде «Осы жерде және қазір» қағидаты бойынша сенім телефоны бойынша келіп түскен шағымдарды сол жерде шешу.
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау;
- жеке жүйелерді, рәсімдер мен жұмыстарды талдау, олардың барабарлығы мен тиімділігін бағалау, содан кейін кәсіпорын қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу.
- қызметті аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау.
Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы
Кожахметов Алишер Еркинович
Дәрігер эксперт
Насырова Тамара Женисбековна
Егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне және сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, онда ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгініңіз.
Объективтілік қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиямен қаралатын болады.
Сізге ыңғайлы болу үшін Сіз өзіңіздің атыңызды, тегіңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша арыз, өтінішіңізді біздің орталықтың бірінші қабатында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстарға арналған» жәшігіне қалдыра аласыз, сондай-ақ өз арыз, өтінішіңізді медициналық ұйымның сайтында қалдыра аласыз: Біздің сайт gcpz.kz «Директордың блогы» айдары, сонымен қатар, сіз әкімшіліктің екінші қабатында орналасқан пациенттерге қолдау көрсету қызметіне кез келген сұрақпен жүгіне аласыз, өз жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз немесе қызметті жақсарту үшін ұсыныстармен сауалнаманы толтыра аласыз.
Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.
Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметіне қалалық телефондар арқылы хабарласа аласыз: 33-14-32, 33-17-71. Науқастарды қолдау қызметі әкімшілік ғимараттың екінші қабатында орналасқан.
Біздің орталықта медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін сіздің өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен айтқан тілектеріңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.