Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) - организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалаулар негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiк тәртiбін айқындайды.
МӘС организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру, қайталап куәландыру және медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету мақсатында дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (ДКК) жүргізіледі.
Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.
МӘС-ға өтініше берілгеннен кейін, куәландыру барлық берілген құжаттарды қарау арқылы алқалы түрде жүргізіледі.
Сараптама қорытындысы организмнің жалпы жағдайын, өмірлік іс-әрекетінің шектелу деңгейін және медициналық көрсетілімдерді ескере отырып шығарылады.
Қабылдау уақыты:
Бейсенбі – ересектер үшін сағат 9:00-ден бастап;
Бейсенбі- балалар үшін сағат 9:00-ден бастап;
ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссия):
Бейсенбі- балалар үшін сағат 10:00-ден бастап
Ересектер үшін сағат 14:00-ден бастап.
Мекен-жай: Психиатриялық блок, Жансугуров 12 к.