Дағдарыс орталығының сенім телефоны 8 (7172) 54-76-03

Орталықтың соңғы жаңалықтары

Студенттерге арналған конференция өтті

2024 жылғы 15 сәуірде АМУ КЕАҚ жастарі істері жөніндегі деканаты мен психиатрия және наркология кафедрасы Астана қаласы әкімдігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен, сондай-ақ «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК бірлесіп 1-2 курс студенттері, интерн дәрігерлері және «Астана медицина университеті» КЕАҚ резиденттері үшін 2024 жылғы 1-31 мамыр аралығында Дүниежүзілік темекісіз күнге (31 мамыр) орайластырылған «Никотинге тәуелділік және темекі  қоспалары, психикалық денсаулыққа әсері, клиниканың ерекшеліктері және қазіргі заманғы кезеңдегі алдын алу» атты конференция өткізді.

Конференция қатысушыларына психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты психиатр нарколог Койшибеков Тоқтар Төлеуханович  құттықтау сөз сөйледі.

Психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты психиатр нарколог дәрігер Джакубалиев Тимур Маратович

Конференция барысында баяндамалар оқылды:

R-054 тобының резиденті Женжера Регина Викторовна. «Темекіге тәуелділік, темекі шегудің адам ағзасына әсері» атты баяндама.

R-054 тобының резиденті Калинчук Марям Алексеевна «Темекіге тәуелділіктің қазіргі заманғы түрлері» баяндамасы.

Конференцияға қатысушылар баяндамаларды қызығушылықпен қабылдады, сұрақтар қойылып, спикерлер жауап берді.

Конференция қорытындысы бойынша барлық резидент-баяндамашылар темекіге қарсы профилактикалық жұмысқа қосқан белсенді үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері арасында Тәуелділіктің алдын алуда бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумды орындау шеңберінде өткізілді. Өткізілген іс-шара туралы ақпарат Астана қаласы полиция департаментінің; «Қалалық психикалық денсаулық орталығ»  ШЖҚ МКК және «Астана медицина университеті» КЕАҚ сайттарына орналастырылды.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.