ҚПДО психиатриялық блогында тағы бір ата-аналар мектебі – психиатрлар мен наркологтардың қатысуымен ата-аналармен және науқастардың өздерімен кездесу өтті.
Директордың стационардан тыс қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Елена Николаевна Полиенко психо-ағарту әңгімесін өткізді, онда психикалық бұзылулардың пайда болуы, ағымы, диагностикасы және емі туралы әңгімеледі, пациенттеріміздің ата-аналарының наркологиялық емдеуді таңдау және түзету туралы сұрақтарына жауап берді.