Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай әр сенбі сайын Қалалық психикалық денсаулық орталығының Психиатриялық және Наркологиялық блоктары негізінде ашық есік күні өтіп жатыр.
Бүгін психиатр - нарколог Қожахметова Гүлнар Комидуловна, Омарова Назым Жарасбекқызы және Жуандықова Гайша Болатбекқызы Астана қаласының тұрғындарымен психикалық денсаулық қызметінің жұмысы туралы, алкоголь мен психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдарды алдын алу және ерте анықтау туралы ағартушылық әңгіме өткізді.