Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігерлері Жанар Асқарқызы Ермекбаева және Айгүл Құдайбергенқызы Назарова, сондай-ақ Астана қаласының медициналық университетінің резиденттері №2 қалалық емхананың және Салауатты Астана отбасылық амбулаториясының терапевт дәрігерлерімен және невропатологтарымен "Астана қаласында психикалық қызметті дамыту", "Деменциямен ауыратын науқастарды ерте анықтау туралы", "Депрессиялық жағдайлардың алдын алу және емдеу" тақырыбында семинарлар өткізді.
Бұл іс-шара Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орайластырылған.