Қалалық психикалық денсаулық орталығында 25 қазанда Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті!
Іс-шара барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісімен, Астана қаласы әкімінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Директордың м. а. Бектаева Гаухар Темиржановна мен директордың орынбасары Койшин Бахытжан Тельмановичтің құттықтау сөзінен кейін Қазақстан туралы бейнеролик көрсетіліп, концерттік бағдарлама өтті!
Орталық ұжымы баршаға бейбітшілік, отбасылық бақыт және психикалық денсаулық тілейді!