Қалалық психикалық денсаулық орталығында медицина қызметкерлерінің салтанатты жиналысы өтті!
Іс-шара барысында ерекшеленген қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісімен, Нұр-сұлтан қаласы әкімінің, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ, «Аманат» партиясының және Орталық директорының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Директордың құттықтау сөзінен кейін грузин ансамблінің қатысуымен концерттік бағдарлама, қызметкерлердің сахналық нөмірлері өткізілді, сондай-ақ орталық қызметкерлерінің қатысуымен әзіл-сықақ бейнефильмі ұсынылды!
Іс-шара соңында орталық кәсіподағымен шай ішу ұйымдастырылды.
Орталық директоры Комарова Ольга Николаевна барлығына болашаққа деген сенім, бейбітшілік пен психикалық денсаулық тіледі!
Біз біргеміз!