Орталықтың соңғы жаңалықтары

«Нашақорлық, психикалық денсаулыққа әсері» атты қалалық дәрігерлік конференция өтті

2022 жылғы 9 маусымда АМУ КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен, сондай-ақ «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп «Нашақорлық, психикалық денсаулыққа әсері» атты қалалық дәрігерлік конференция өткізді, ол халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған 2022 жылғы 1-30 маусым аралығында салауатты өмір салтын ұйымдастырушы дәрігерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, Нұр-сұлтан қаласының Жастар денсаулық орталықтарының, емдеу мекемелері мен емханаларының үйлестірушілері, 2-5 курс студенттері, «Астана медицина университеті»  КЕАҚ интерндері мен резиденттері үшін нашақорлықтың алдын алу айлығы шеңберінде өткізілді.

Конференция қатысушыларына «АМУ» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к. Құсайынов Алмас Абихасович құттықтау сөз сөйледі.Өз сөзінде ол кафедра жүргізетін профилактикалық есірткіге қарсы және тәрбие жұмысы туралы айтып берді.

Конференция барысында есірткіге қарсы тақырыпта баяндамалар ұсынылды:

Нұр-сұлтан қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы профилактика бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Әлия Қибатқызы «Нұр-сұлтан қаласындағы наркологиялық жағдай баяндамасы.

ПС196 тобының резиденті  Кударова Камила. «Каннабиноидтер нашақорлықтың кіру қақпасы ретінде» баяндамасы, ролик көрсету.

ПС196 тобының резиденті Кахарова Дильдора Шавкатовна. «Опиоидты есірткі» баяндамасы. Ролик көрсету.

Резидент Галиакбарова Зубайда Билалкызы.  «Синтетикалық есірткі. Мефедрон» баяндамасы.

Конференцияға қатысушылар баяндамаларды қызығушылықпен қабылдады, сұрақтар қойып, спикерлерден жауаптар алды.

Конференция қорытындысы бойынша барлық резидент баяндамашылар нашақорлыққа қарсы алдын алу жұмысына белсенді үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері арасында тәуелділіктің алдын алуда бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумды орындау шеңберінде өткізілді. Өткізілген іс-шара туралы ақпарат Нұр-сұлтан қаласының полиция департаментінің; «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК және «Астана медицина университеті» КЕАҚ сайттарына орналастырылды.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ