Орталықтың соңғы жаңалықтары

Дүниежүзілік темекісіз күніне орай конференция өтті

2022 жылдың 31 мамырында Жастар ісі жөніндегі деканат және АМУ КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ПД есірткі қылмысымен күрес жөніндегі басқармасымен, сондай-ақ «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп  «Астана медицина университеті» КЕАҚ 3-5 курс студенттері, дәрігер интерндер мен резиденттері үшін 2022 жылғы 1-31 мамыр аралығында Дүниежүзілік темекісіз күніне (31 мамыр) орайластырылған темекі шегуді шектеу және алдын алу айлығы шеңберінде «Никотинге тәуелділік және шылым шегу қоспалары, психикалық денсаулыққа әсері, қазіргі таңдағы клиника мен профилактиканың ерекшеліктері» атты конференция өткізді.

Конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Еділқызы Сәрсенбаева құттықтау сөз сөйледі.

ДДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің техникалық сарапшысы д-р Виталий Стецик құттықтау сөзінен  кейін әлем елдеріндегі темекіге қарсы саясаттың ерекшеліктері туралы айтты.

ҚР ДСМ ҰҚДО Басқарма төрағасының м.а. м. ғ. к. Жанар Амангельдиновна Калмакова құттықтау сөз сөйлеп, ҚР медициналық қызметі жүргізген  алдын алу жұмыстары туралы айтып берді.

«Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының көшбасшысы Садыкова Жамиля Дженисовна.

Конференция қатысушыларына «АМУ» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к. Құсайынов Алмас Абихасович құттықтау сөз сөйледі.

Конференция барысында баяндама оқыған:

ҚР ДСМ ҚДСО СӨС бөлімінің басшысы Қанат Жайықұлы Хамзин баяндама тақырыбы: «Темекі шегудің алдын алу және СӨС»

Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ильиных Сергей Сергеевич.

ПС196 тобының резиденті Кударова Камила. Баяндама: «Никотинге тәуелділік. Темекі шегу. Темекі өнімдерінің жаңа түрлері»

ПС196 тобының резиденті Кахарова Дильдора Шавкатовна. «Темекі қоспасы және нашақорлық» баяндамасы.

Резидент Галиакбарова Зубайда Билалкызы. Баяндама: «Синтетикалық есірткілер. Мефедрон».

Конференцияға қатысушылар баяндамаларды қызығушылықпен қабылдады, сұрақтар қойылып, спикерлерден жауап алды.

Конференция қорытындысы бойынша барлық резидент баяндамашылар темекіге қарсы алдын алу жұмысына белсенді үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

Іс-шара «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері арасында тәуелділіктің алдын алуда бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумды орындау шеңберінде өткізілді. Өткізілген іс-шара туралы ақпарат Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті, «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК және «Астана медицина университеті» КЕАҚ сайттарына орналастырылды.

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ