2022 жылдың 20 мамырында Қарағанды медицина университетінің базасында халықаралық қатысумен «ҚР клиникалық психологиясының өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті, оған ҚР барлық аймақтарынан психиатр дәрігерлер, наркологтар, психологтар, медициналық институттардың студенттері, резидент-психиатрлар қатысты.
Біздің Орталықтың әлеуметтік оңалту бөлімінің меңгерушісі О.С. Когай «Нұр-сұлтан қаласының психикалық денсаулық орталығында ойынға тәуелділікті емдеу тәжірибесі. Психотерапияның құмар ойындарды емдеудегі және қалпына келтірудегі рөлі мен орны» атты баяндама оқыды, онда әртүрлі тәуелділіктерді, химиялық және химиялық емес ауруларды емдеу мен алдын-алудың заманауи әдістері айтылды. Біздің орталықтың түрлі тәуелділіктерді емдеу және оңалту мүмкіндіктері көрсетілді.