Орталықтың соңғы жаңалықтары

Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2022 жылғы 19 мамырда АМУ КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен, сондай-ақ «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу айлығы аясында, «Астана медицина университеті» КЕАҚ 3-5 курс студенттері, дәрігер интерндері мен резиденттері үшін халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған «Нашақорлыққа тәуелділік, психикалық денсаулыққа әсер ету» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияға қатысушыларға «ҚПДО» ШЖҚ МКК директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Бектаева Гаухар Теміржанқызы құттықтау сөз сөйледі.

ҚР астанасында есірткі бизнесіне және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, есірткі ахуалының ерекшеліктері бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық және жедел жұмыс туралы ДП ЕББ  алдын алу бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сергей Сергеевич Ильиных баяндама жасады.

Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасаған кәмелетке толмағандармен оңалту жұмысының қорытындылары туралы «Құқық» қоғамдық қоры «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының басшысы Шунаева  Гүлмаржан Есенғалиқызы баяндады. Баяндама: «Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру».

Конференция барысында төрт баяндама оқылды.

Баяндамашы: «АМУ» КЕАҚ резидент-психиатр дәрігер,  ПС196 тобының резиденті Луговская Валерия Рустамовна - «Синтетикалық есірткі» баяндамасы.

Баяндамашы: «АМУ» КЕАҚ резидент-психиатр-дәрігері ПС196 тобының резиденті Кахарова Дильдора - «Опиоидты есірткі» баяндамасы.

Баяндамашы: «АМУ» КЕАҚ резидент-психиатр дәрігері, ПС196 тобының резиденті  Кударова Камила – «Каннабиноидтер, нашақорлықтың кіру қақпасы ретінде» баяндамасы.

Баяндамашы: 703 топ студенті Али Айдана Әлібекқызы, баяндама тақырыбы «Мефедрон - қазіргі заманның наркоэпидемиясы».

Конференция барысында дәрігер интерндер мен резиденттерді даярлау оқу процесіне енгізілген оқыту роликтері көрсетілді:

  1. Медициналық сараптамаhttps://youtu.be/ziAgWSCJu6Q
  2. Организмнің биологиялық орталарында есірткіні анықтаудың сапалық және сандық әдістері https://youtu.be/YdLMMD_zBqE

Студенттер баяндамаларды қызығушылықпен қабылдады, спикерлерге сұрақтар қойылып, жауаптар алды.

Конференция қорытындысы бойынша барлық баяндамашылар «ҚПДО» ШЖҚ МКК орталығының директоры О.Н. Комарованың қолы қойылған есірткіге қарсы алдын алу жұмысына белсенді үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. 

Іс-шара «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алуда бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумды орындау шеңберінде өткізілді.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ