Дағдарыс орталығының сенім телефоны 8 (7172) 54-76-03

Орталықтың соңғы жаңалықтары

«Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды

Осы жылдың ақпан айынан бастап «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды. Оңалту курсынан 31 бала өтті, оның ішінде 5 бала гуілдей сөйлей бастаса, 6 бала  былдыр-былдыр тілімен тәнті етті, ал  2 бала алғашқы сөздерін айтты, 2 бала басын өз бетінше ұстауды үйренді, 5 бала қолымен тірелуді үйренді, 2 бала өз бетінше еңбектенуді үйренді және 1 бала өзінің алғашқы, көптен күткен, дербес қадамдарын жасады.

Осындай алғашқы нәтижелермен біз бүгін алғашқы айналымды аяқтадық .

Біздің команда кішкентай пациенттердің алғашқы айналымының  керемет жабылу рәсімін өткізді. Есептік іс-шараларда балалар сабақ кезінде мамандардан үйренген өз дағдыларын көрсетті. Шу оркестрі өнер көрсетті, онда балалар аспаптарды ұстап тұрып, пысықталған ұсақ моториканы көрсетті. Би кезінде балалар мұқият, белсенді іс-әрекеттер жасай алатынын дәлелдеді. Ал біздің кейіпкеріміз Ерсұлтанның «Тұсау кесер» рәсімі өткізілді.

Біз командамызбен  кезекті кішкентай пациенттерімізді оңалту үшін асыға күтеміз және шын жүректен біздің кішкентайларымызға тез арада сауғуын, сенімді қадамдар мен үлкен табыстарға жетуін  тілейміз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.