10 науырыз 2022 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта» факультетінің «Экология» мамандығының 02-051-21-01, 02-051-20-10, 02-608-18-09 топ студенттері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК нарколог- дәрігері Койшибеков Тоқтар Толеухановичпен кездесті.
Нашақорлық пен маскүнемдік – ХХІ ғасырдың қауіпті дерті туралы әңгіме қозғалды. Дәрігер жаңа есірткі түрлері, электрондық темекі, спайс туралы айтып, синтетикалық есірткілердің аса қауіпті екенін атады. Нашақор, маскүнем отбасына, қоғамға қандай қайғы-қасірет әкелетіні туралы өз тәжірибесімен болісе отырып жеткізді. Тоқтар Толеуханович жастарды салауатты өмір салтын сақтауға, ешқашан есірткеге жоламауға шақырды. Әңгіме соңында бейнефильм ұсынылды.