Дағдарыс орталығының сенім телефоны 8 (7172) 54-76-03

Орталықтың соңғы жаңалықтары

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында шахмат турнирі өтті

4 желтоқсанда елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қаланың денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында шахмат турнирі өтті.

Жарысты «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы»  РҚБ Астана филиалы ұйымдастырды.

Турнирдің мақсаты шахматты зияткерлік спорт түрлерінің бірі ретінде насихаттау және танымал ету, зияткерлік спортты одан әрі енгізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында жарыс рухын ынталандыру болып табылады.

Турнирге 40-қа жуық медицина қызметкерлері қатысты. Турнир жеңімпаздары ең көп ұпай саны бойынша анықталды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Жеңіске  «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК инженері Кульбаев Кайрат Болатканович жетті, ол жеңімпаз дипломын және 100 000 теңге ақшалай сертификат  алды;

ІІ место и денежный сертификат в размере 75 000 тенге получил -Темиргалиев Жомарт Базкенович, заведующий ОАРИТ ГКП на ПХВ «Городской центр фтизиопульмонологии»;

ІІ орын және 75 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатты -  «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК РҚТБ меңгерушісі  Теміргалиев Жомарт Базкенұлович алды. 

ІІІ орын және 50 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатты «№14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ЖПД   Алеушинов Рүстембек Иланович алды.

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы мен 30 000 теңге көлеміндегі сертификатқа   - «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК фтизиатр дәрігері Ракишев Марат Кадесович ие болды, «Әйелдер арасындағы үздік шахматшы» номинациясын және 30 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатты «№9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ЖПД Саликова Айгерим Маратовна  және «№2 көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК мейіргері Санат Алтынжулдыз алды.

Қалалық турнирдің жеңімпаздары 2021 жылдың 10 желтоқсанында өтетін республикалық онлайн турнирге қатысады.

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»   РҚБ Астана филиалының төрайымы Дина Бақытжанқызы өз құттықтауында қалалық турнирдің жеңімпаздарына республикалық деңгейде жеңіс тіледі.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.