Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай психиатриялық блокта ОЖРО балалары үшін ақпараттық-құттықтау сипатындағы іс-шара өткізілді.
ҚР Конституциясы күні-ресми мемлекеттік мерекелердің бірі. 1995 жылғы 30 тамызда жалпыұлттық референдум өтіп, онда жаңа Конституцияның жобасы мақұлданды. Бұл Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет құру жолындағы шешуші сәттерінің бірі болды.
Конституция - тәуелсіз еліміздің азаматтарының мүдделері мен құқықтарын көрсететін негізгі құжаттардың бірі. Конституцияның бірінші бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетеді, оның ең құнды игілігі адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады"делінген. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, ынтымақ, Отанымыздың одан әрі өркендеуі үшін табыс тілейміз!