2021 жылғы 26 мамырда ЕЦ 166/10 түзеу мекемесінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған «Ақпараттық бюро» есірткіге қарсы акция өтті.
Акция аясында медиктер және қоғам белсенділері сотталушыларды есірткінің заңсыз айналымы саласындағы заңнама өзгерістері туралы хабардар етті.
(тақырыбы: 27.12.2019 ж. ҚРЗ № 292-VІ Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер (Интернет технологияны пайдаланумен жасалатын есірткі қылмысына жазаны қатаңдату бөлігінде)», «ІІБ қызметкерлерінің күнделікті қызметінде практикалық пайдалану үшін есірткі заттары, психотроптық заттар және олардың аналогтарын анықтау және тәркілеу фактілерін процестік ресімдеуді зерделеу», «Есірткі құқық бұзушылығы үшін күдікті адамды ұстаған кезде есірткі заттарын іздеу әдістемесі және алу тактикасы»).