2021 жылғы 26 мамырда ЕЦ 166/10 түзеу мекемесінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған «Ақпараттық бюро» есірткіге қарсы акция өтті.
Акция барысында ПЛ, медиктер және қоғам белсенділері сотталушыларды есірткінің заңсыз айналымы саласындағы заңнамадағы өзгерістер және түрмедегі адамдарды ізгілендіру және санын азайту бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ сотталушыларды мекемеде де, одан босап шыққаннан кейін де салауатты өмір салтын ұстануға, есірті қолданудан бас тартуға, АИТВ-инфекциясының алдын алу және пенитенциарлық жүйеде оның алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға ытналандыру үшін дәріс оқылды.