“Қауіпсіз болашақ – біздің ортақ міндетіміз!” №84 мектеп-лицейінде гендерлік зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғылмаушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және буллингтің алдын алу мәселелеріне арналған дәріс ұйымдастырылды.
Бұл маңызды шараға Есіл ауданының әйелдер құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Жанар Жанғабылова және қалалық психикалық денсаулық орталығының психологы Купенова Шынар Қаратаевна қатысты.
Дәрістің мақсаты – гендерлік теңдік, жыныстық қол сұғылмаушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және буллинг мәселелерінің алдын алу арқылы қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында мамандар қауіпсіздік ережелері, зорлық-зомбылықтың түрлері және олардың алдын алу жолдары туралы түсіндіріп, пайдалы кеңестер берді. Бұл шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қауіпсіз және қолайлы ортада білім алуына үлес қосты.