25-26 қыркүйек аралығында Астанада Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінің «Психикалық денсаулық: Cтереотиптерді бұзу, ақиқатты ашу» атты Субөңірлік форумы өтуде. Форум алаңында саясат, стратегия, стигма, психикалық денсаулық саласындағы көмек пен цифрлық тәсілдердің қолжетімділігі, позитивті ата-ана болып қалыптасуы мен ата-аналардың эмпатиялық күтім көрсету мен қамқор болу дағдыларын дамытуы, зорлық-зомбылықсыз тәрбие беруі, нашақорлық мәселелері және вакцинация ерекшеліктері жайында түрлі сессиялар өтуде.
«Соңғы жылдары Қазақстанда психикалық денсаулық саласында бірқатар институционалдық реформалар жүргізілді, қазірдің өзінде қалалық емханалар деңгейінде 80-ге жуық бастапқы психикалық денсаулық орталығы, аудандық деңгейде 200-ден астам психикалық денсаулық кабинеті және көптеген аймақтарда әртүрлі санаттар мен жастағы мұқтаж адамдарға арналған оңалту орталықтары ашылды. Ал бүгінгі таңда медициналық көмектің сапасы мен стандарттарын арттыру басты бағыттардың бірі болып табылады», - деп ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының» бас директоры, ҚР ДСМ бас штаттан тыс психиатры Қуаныш Алтынбеков атап өтті.
Ол сонымен қатар ДДСҰ екі жобасы іске қосылып жатқанын мәдімдеді. «Бұл психикалық денсаулық қызметтерін деинституционализациялауға қатысты сауалнаманы валидациялау бойынша зерттеу және ДДСҰ Еуропалық аймағындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған психикалық денсаулық қызметтерінің стандарттары бойынша пилоттық жоба. Екеуі де біз үшін және біздің субөңір үшін медициналық көмектің қолжетімдігі мен сапасын жақсарту аясында өте маңызды іс-шаралар».
Сарапшылардың пікірінше, бұл екі бастама бүкіл аймақтағы психикалық денсаулық саясаты мен тәсілдеріне айтарлықтай әсер етеді.