Дағдарыс орталығының сенім телефоны 8 (7172) 54-76-03

Дәрілік заттар қайта сатып алуды жүзеге асырудың баға ұсыныстарын сұрату туралы хабарландыру

Ұйымдастырушы: 010000 Астана қ., Есіл ауданы, Хусей бен Талал көшесі, 7-ғимарат мекен-жайы бойынша орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы ШЖҚ МҚК», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 07 маусымдағы № 110 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - Ереже) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 2023 жылға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды

  1. Тапсырыс берушінің толық атауы және орналасқан жерінің мекен-жайы: 010000 Астана қ., Есіл ауданы, Хусей бен Талал көшесі, 7-ғимарат, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы ШЖҚ МҚК».
  2. Дәрілік заттар сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі, жеткізу орны және сатып алуға бөлінген сома) - осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылатын № 1 қосымшада көрсетілген.
  3. Жеткізу мерзімі мен шарттары 1-қосымшада көрсетілген.
  4. Әлеуетті жеткізушілердің конверттерге салынған баға ұсыныстары мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Хусейн бен Талал көшесі, 7-ғимарат, мемлекеттік сатып алу бөлімінің кабинеті, 19.01.2024 ж. 12.00 сағ. бастап 26.01.2024 ж. 12.00 сағ. дейін.
  5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді ашу 26.01.2024 ж. 12 сағат 30 минутта Астана қаласы, Есіл ауданы, Хусейн бен Талал көшесі, 7-ғимарат (бухгалтерия) мекенжайы бойынша өтеді. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындылары туралы хаттама баға ұсыныстарын қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында (qpdo.kz), тел: 8/7172/ 331778, 331495 жарияланады.
  6. Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.
  7. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі оның сұрау салудың және сатып алудың үлгі шартының талаптарына сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
  8. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін желімделген түрде бір ғана баға ұсынысын ұсынады.

Конвертте:

- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы;

- тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын растайтын рұқсат

- ұсынылған тауарлардың ҚР ДСМ 110-бұйрығының З-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.

  1. Баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында әлеуетті өнім беруші мынаны көрсетеді:

- әлеуетті өнім берушінің атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы,

- сатып алуды ұйымдастырушының атауы, орналасқан жерінің мекенжайы,

- қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауы.

  1. Белгіленген мерзім өткеннен кейін және/немесе хабарландыру талаптарын бұза отырып берілген баға ұсынысы бар конверт тіркелмейді және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

 

Қосымшаны сақтау...

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.