Уақытша бейімдеу және детоксикация бөлімшесі

 

Бөлімше алкогольдік масаңдық (уыттану) дәрежесі орташа адамдарды уақытша ұстауға арналған.

Төсек саны: 20 төсек

Қабылдау уақыты: тәулік бойы

Бөлімшенің функциялары ауырлығы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйдегі пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз уақытша оқшаулауды қамтамасыз ету болып табылады. Біздің қоғамда спирттік ішімдіктерді қолдану, біраз уақыттан бері ұлттық дәстүр дәрежесіне көтерілгені жасырын емес.

Көбінесе мас күйінде адамдар агрессивті болады, бөтен адамдармен қақтығысады, бұл әкімшілік және тіпті қылмыстық заңнаманы бұзуға әкелуі мүмкін. Айта кету керек, адамдардың қоғамдық орында мас күйінде   шығуы  Әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, ол айыппұл түрінде жазалауды көздейді.

Адамдардың өздері үшін де, оны қоршаған адамдар үшін де қоғамдық орындарда орташа дәрежеде алкогольдік масаң күйде болу қаупін ескере отырып, мемлекет оларды уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығы жағдайында уақытша (толық айыққанға дейін) оқшаулау үшін шаралар қабылдайды.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері құқық бұзушылық жасалған кезде мас болу дәрежесін немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь, есірткі және т.б.) пайдалану фактісін анықтау тұрғысынан куәландыру мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды жеткізеді.

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ