Орталық меңгерушісі
Тажибаева Дина Талгатовна, бірінші санатты дәрігер-реабилитолог, жұмыс өтілі – 17 жылдан астам
Қалалық психикалық денсаулық орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды, оның негізгі қызметі 3 айлықтан 3 жасқа дейінгі психо-неврологиялық аурулары бар балаларға кешенді оңалту көмегін көрсету болып табылады. Тұрғылықты жері бойынша емханада оңалтуға жолдама алған балалар жылына бірнеше рет тегін оңалтудан өте алады. Оңалту курсы 21 күнді құрайды.
«Қамқорлық» ерте араласу орталығында мамандар әрбір балаға оның ауруының ерекшеліктерін ескере отырып, қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Орталықта пациенттерді емдеуге мультидисциплинарлық тәсіл қолданылады. Балалармен жоғары білікті невропатологтар мен реабилитологтардан басқа дефектолог, логопед, сурдолог, эрготерапевт және ЕДШ нұсқаушысы сияқты мамандар айналысады.
Оңалту үшін қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары қолданылады, оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады. Сонымен қатар ЕДШ, кинезотерапия, механотерапия, логопед және дефектологпен күнделікті жеке сабақтар қарастырылған. Орталықта есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтау үшін «Тіркеуге арналған аудиометриялық модуль» орнатылған.
Ерте жастан көмек көрсетудің нәтижесі де жылдамырақ болады. Ерекше бала тәрбиелеп отырған әр отбасы оны қандай болса солай қабылдаудың күрделі жолынан өтеді. Оның өмірін жақсартуға тырысып, өсуіне, дамуына көмектеседі.
«Қамқорлық» ерте араласу орталығы ерекше қажеттіліктері бар баланың дене және психологиялық көңіл-күйін жақсартуға үлкен көмек көрсетеді, сондай-ақ олардың денсаулық жағдайындағы ауытқуларды барынша азайтады.