Бастапқы психотикалық эпизодтың бөлімше меңгерушісі
Мурсакина Зульфия Уралбековна - жоғары білікті санатты дәрігер-психиатр, еңбек өтілі 30 жыл
Аға мейіргер Волхонцева Татьяна Александровна - жоғары санатты, еңбек өтілі 27 жылдан астам.
Ерлерге арналған бастапқы эпизод блогы бар бөлімшесі 45 төсек-орынға арналған. Бөлімшеге алғашқы психотикалық эпизодтары бар пациенттер жатқызылады. Бөлімше Нұрсұлтан қаласының ер тұрғындарына стационарлық психиатриялық көмек көрсетеді.
Бөлімшеде мынадай психикалық бұзылыс түрлері бойынша көмек көрсетіледі:
- Шизофрения, шизотиптік және сандырақты бұзылыстар
- Реактивті психоздар;
- Эндогендік психоздар;
- (Аффективті) көңіл-күйдің бұзылуы;
- Мидың органикалық зақымдануына байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылыстар
- Тұлғалық бұзылыс;
- Тамақтанудың бұзылуы;
- Эпилепсияға байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
- Ақыл-ой дамуының бұзылуымен байланысты жағдай (ақыл-ой кемістігі және деменция)
Бөлімшеде диагностикалық, емдеу-профилактикалық және оңалту көмек көрсетіледі. Туыстары мен пациенттеріне психоқұрылым және консультациялық көмек жүргізіледі. Бөлімшеде «Астана медицина университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасы қызметкерлерінің комиссиялық тексеруіне қатысу арқылы консультативтік жұмыс жүргізіледі.