Күндізгі стационар меңгерушісі
Ахметова Бақыткүл Әбдуашқызы-жоғары біліктілік санатты психиатр дәрігер. Жұмыс өтілі - 35 жылдан астам
Күндізгі стационардың аға мейіргері: Бородулиха Елизавета Ивановна
Күндізгі стационар ауруханадан тыс және стационарлық психиатриялық буындар арасындағы аралық буын болып табылады, жағдайы тәулік бойы бақылау мен емдеуді қажет етпейтін, бірақ қазіргі уақытта стационарға жақын көлемі мен қарқындылығы бойынша емдеу-диагностикалық көмекті қажет ететін психикалық науқастарға көмек көрсетуге арналған. Стационарды алмастыратын технологияларды белсенді пайдалану пациенттердің аурухана төсегінде жату мерзімін қысқартуға және әсіресе бастапқы пациенттерді тұрақты ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Күндізгі стационар жағдайында пациенттерді психоәлеуметтік оңалту жүргізіледі (психоәлеуметтік мектеп, коммуникативтік тренингтер, арт–терапия, қызығушылықтар бойынша үйірмелер). Күндізгі стационардың төсек қоры 50 орынды құрайды.